KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Ертең «Nur Otan» партиясына жаңа төраға сайланады

27.01.2022, 14:10 151

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның 28 қаңтарда өтетін кезектен тыс съезінде қандай мәселелер қаралатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі 28 қаңтарда өтеді «Nur Otan» Саяси кеңесінің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) партияның кезектен тыс XXI съезінің келесі күн тәртібі бекітілді:

1. Партия төрағасын сайлау туралы;

2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Еске салайық, 28 қаңтарда өтетін партияның кезектен тыс XXI съезіне 399 делегат сайланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив