KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейліктер парақтары алтын жалатылған басылымдарды тамашалады

28.04.2013, 18:00 72


Семейліктерге «Мәдени сенбілік» акциясының шеңберінде өте сирек кездесетін кітаптар көрсетілді , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Көрмені Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері ұйымдастырды.

Мамандар әрбір басылым жайлы әңгімелеп, тіпті қалалықтарға осындай құнды дүниелерді ұстап көруге де рұхсат етті.
Семейліктердің назарын әсіресе беттері алтын жалатылған «Путешествие Наследника Цесаревича» кітабы өздеріне аударды. Жүз жылдан астам уақыт бұрын шығарылған басылым өте жақсы сақталған, оның салмағы 4,5 килограмнан асады.

«Бізде өте жұқа кітаптар да (қалыңдығы 3 миллиметр) кездеседі. Кезінде олар өте арзан кітап болып саналды, бар болғаны 5 тиын тұратын. Барлығы 40 осындай кітап шығарылған, олардың әрқайсысы бір ұлтқа арналған. Басылымдарда әр халықтың салттары мен дәстүрлері баршаға түсінікті, қарапайым тілде жазылған», деп түсіндірді кітапхана қызметкерлері.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив