KZ
Өскемен
+7°
небольшой дождь жел 6 м/с, Ю
488.11 530.09 5.01

Жармалық жастар басқару жүйесіне бейімделіп келеді

14.04.2013, 18:00 151


Жарма аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Есполовтың ұйтқы болуымен жас көмекшілерге арналған «Жергілікті өзін-өзі басқарудағы жастардың рөлі» атты семинар өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Жастарды басқару жүйесіне бейімдеп, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға тарту мақсатында «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері аудандық мәслихат депутаттарына қоғамдық көмекші болып тағайындалған еді.

Осыған орай өткен семинарға ауданның құрметті зейнеткері Дәлелхан Садықов қатысып, жастарға ақыл-кеңесін айтты.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жадыра Калелованың мәліметіне сүйенсек, аудандағы жастардың саны 8900 адамға, ал «Жас Отан» мүшелерінің саны 800 адамға жеткен. Жергілікті жастар саясатын іске асыруға биыл 2 миллион теңге бөлініпті.

Семинар барысында мәслихат депутаттарының жас көмекшілері өздерін толғандырған көптеген сауалдарын жолдады.
Атап өтерлігі, жастар саясатына бөлінген қаржының жұмсалуы, қоғамдық іс-шаралардың ұйымдастырылуы, сонымен қатар аудандық Жастар үйіне жастарға қарағанда оқушылардың көптеп баруы, негізінен жастарды тарту мәселелері сөз болды.

Нұржан Махаббат

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив