KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Семейде "Жас кәсіпкер күні" өтті

30.01.2013, 18:00 190


Семей қаласында «Жастар кәсіпкерлігін дамыту» қоғамдық қоры және Семей қалалық «Жас Отан» Жастар Қанатының қолдауымен «Жас кәсіпкер күні» өтті. Аталмыш шара шеңберінде Семей мемлекеттік медицина университетінде өз бизнесі бар немесе өз кәсібін ашуға ниет білдірген жастарға арналған «Start-up» семинар-тренингі, «Жастар кәсіпкерлігінің мәселелері және шешу жолдары» атты дөңгелек үстел жұмысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйеніп.

Оның жұмысына кәсіпкерлік, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері, жастар мен жас кәсіпкерлер қатысты.

«Жастар кәсіпкерлігін дамыту» қоғамдық қорының атқарушы директоры Александра Кошкина атап өткендей, ұлттық экономиканың қозғаушы күші болып табылатын кәсіпкерлікті, оның ішінде жастар кәсіпкерлігін жан-жақты қолдау - «Қазақстан – 2050» Стратегиясының басым бағыттарының бірі. Кәсіпкерлік бөлімі бастығының орынбасары Мақсат Қайранбаев жас кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік бағдарламалар мен оларға қол жеткізу жолдары туралы мағлұмат берді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жастардың кәсіпкерлікке деген ниеттері болғанымен, ақпараттану деңгейлері әлі де төмен екенін айтты.

Сондықтан жастар арасында кәсіпкерлік сұрақтары бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын белсенді жүргізу қажеттілігі сөз болды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив