KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, С
480.63 535.13 5.27

ШҚО Курчатов қаласында зейнетақы жүйесін реформалау тәртібі талқыланды

6.04.2013, 18:00 225


Курчатовта зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылау бойынша тұрғындармен кездесулер өткізілуде, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Курчатов қаласында ақпаратық- насихат тобының мекемелер мен ұйымдар өкілдерімен зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылау бойынша кездесуі болып өтті.

Қалалық әкімдікте мәлімдегендей, кездесуге қатысушыларға Министрлер кабинетінің әйелдер үшін зейнеткерлік жасын 63 жасқа дейін заң жүзінде көтеру туралы шешімді мақұлдағаны айтылып, оның жүзеге асу жолдары түсіндірілді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы бастығы Гүлнар Жұмабекқызы Рахметова айтып өтті.

Курчатовтықтар алдағы зейнетақы жүйесі реформасын, бірыңғай жинақтаушы жүйені құру мәселелерін талқылауға белсенді түрде қатысты. Зейнеткерлік жинақтардың сақталынымдығы, әйелдерді әлеуметтік қорғау, зейнетақылық аудармалар жасау кезінде инфляция пайызының есепке алынуы және тағы да басқа көптеген сұрақтарға тұщымды жауап алды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив