А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының мәдениет пен баспасөз мәселелері жөніндегі атташесі Элизабет Рихтер ханымның қатысуымен «Баламалы энергия көздері. Германияда жасалған» технологиялық көрмесі ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
«Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін EXPO 2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі Астана қаласында ұйымдастырылғандықтан, Германияның Астана қаласындағы Елшілігі Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанның сегіз қаласында «Renewables. Made in Germany» технологиялық көрмесін ұсынды.
«DENA Германия энергетикалық агенттігімен әзірленген көрме материалдары сенімді де экологиялық электрэнергиясы мен оны пайдалану келешегіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңартылған энергия көздерінің техникалық мүмкіндіктерімен таныстырады.
Көрме Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласы әкімдіктерінің қолдауымен өткізіліп отыр. Шығысқазақстандықтар технологиялық жаңалықтармен 4-10 сәуір аралығында А.С.Пушкин атындағы кітапханада таныса алады» дейді көрменің үйлестірушісі Ольга Леонова.