KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Энергияның жаңарып отыратын көздері. Германияда жасалған» атты технологиялық көрме салтанатты түрде ашылды

27.03.2013, 18:00 152


Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Энергияның жаңарып отыратын көздері. Германияда жасалған» атты технологиялық көрме салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатына Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративті Республикасы елшілігінің атташесі Рубен Шварц мырза қатысты , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде тілшімізге Семей қалалақ ішкі саясат бөлімінде хабарлады.

Көрме «Болашақтың энергиясы» ұранымен өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесінің шеңберінде ұйымдастырылған. Германия елшілігі Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанның сегіз қаласында қазақстандықтарды «renewables. Made in Germany» технологиялық көрмесімен таныстырады.
Германияның DENA энергетикалық агенттігінің көрмеге әзірлеген материалдары сенімді және экологиялық электрэнергиясын өндіруге мүмкіндік беретін жаңарып отыратын энергия көздерінің техникалық мүмкіндіктері мен оларды пайдалану перспективаларымен жан-жақты таныстырады.

Қала әкімдігі және Шәкерім атындағы мемлекеттік университеттің қолдауымен көрме 27- наурыз бен 2-сәуір аралығында аталмыш жоғары оқу орнының ғимаратында көрсетіледі.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив