Бесқарағай аудандық орталық кітапханада ұлттық құндылықтар жайында жас жеткіншектерге арналған тәлімдік сағат өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Тәлімдік сағат 1989 жылы Алматыда алғаш өткізілген Наурыз мейрамын бейнеслайд арқылы көрсетумен басталды. Ұлттық билер жайында да бейнедеректер көрсетілді.
Тәлімдік сағат қонақтары – Борас орта мектебінің оқушылары аудандық кітапхананың әдіскері А.Ережепбаеваның Наурыз мейрамы дастарқанының сәнін келтіретін ұлттық тағамдар туралы мазмұнды әңгімесін қызыға тамашалады. Кітапханада «Төрлет, Наурыз 2013!» атты кітап көрмесі де ұйымдастырылды.