KZ
Өскемен
+14°
туман жел 2 м/с, ОШ
450.79 482.21 5.05

Наурыз мерекесінде шетелдік студенттер қазақша ән салды

24.03.2013, 18:00 314


Наурызды ай туғаннан бері тойлап келе жатқан ұжымның бірі – Семей мемлекеттік педагогикалық институты. Мұнда оқитын Түркіменстан, Қытай, Моңғолия, Оңтүстік Корея елдерінің жастары да жергілікті халықпен бірге әндерін шырқап, мың бұралып билеп, Наурызды тойлатып қарсы алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Осы оқу орнының маманы Әсел Шайхынованың айтуынша, Наурызды пединституттың көпұлтты жастары үнемі атап өтеді. Тіпті, қазақ жерінен жырақ тұратын қандастарымыз да бұл тойдан тыс қалған емес. «Пединституттың шетелдерде қос диплом бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттері сыртта жүрсе де, Наурызды қарсы алып, бұл тойдың мән-мағынасын шетелдіктерге де түсіндіруде» дейді Әсел.

Оңтүстік Корея елінен келген студенттер Мун А Хьян, Пак Е Ри, Ким Хе Су, И Джей Ик, Со Ин Сонгтар бұл күні қазақтың салт-дәстүрлерін, әсіресе, Наурыз тойын айрықша құрметтейтіндіктерін айтып, қазақша әндер шырқады.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив