KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Семей қаласында шаһар мен Холодный ключ кентін жалғастыратын көпірді су тасқыны шайып кетті (+сурет)

17.03.2013, 18:00 290


Шығыс Қазақстандағы Семей қаласында шаһар мен Холодный ключ кентін жалғастыратын көпірді су тасқыны шайып кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Күннің күрт жылынуынан тез ери бастаған қар мен соңғы тәуліктерде жауған нөсердің суы бетон тіреуіштеріне зақым келтірген.
Семей қаласында  шаһар мен Холодный ключ кентін жалғастыратын көпірді су тасқыны  шайып кетті (+сурет)
Семей қаласында  шаһар мен Холодный ключ кентін жалғастыратын көпірді су тасқыны  шайып кетті (+сурет)
Семей қаласында  шаһар мен Холодный ключ кентін жалғастыратын көпірді су тасқыны  шайып кетті (+сурет)
Қала әкімінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, дереу шұғыл шаралар қолданылды. Көпірдің үстіндегі қозғалыс тоқтатылып, көпірдің екі жағынан қорғауыш дамбалар орнатылды.

Қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінде көпірді жөндеу жұмыстары су тасқыны мерзімі аяқталмайынша қолға алынбайды деп түсіндірді.

Кенттің тұрғындары қалаға жету үшін көпірге дейін көлікпен жетеді, көпірдің үстінен жаяу өтіп, сол билеттерімен басқа көліктерде жүре береді.

Оқиға орнында болған қала әкімі Айбек Кәрімов қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөліміне зақымданған жол бөлігін тез арада жөндеу жөнінде тапсырма берді.

Раушан Мусина
Сурет автордікі

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив