KZ
Өскемен
+8°
туман жел 3 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Солоновка ауылында еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ашылған тұңғыш жаңа нысан - балабақша

14.03.2013, 18:00 200


Зырян ауданындағы Солоновка ауылында күрделі жөндеуден өткен 50 орындық балабақша балғындарға есігін айқара ашты. Бұл тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта осы ауылда ашылып отырған алғашқы жаңа нысан, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Туған жерге – тағзым» акциясы аясында жеке кәсіпкер Дархан Қасымханұлы бос тұрған бұрынғы контор ғимаратын коммуналды меншікке тегін беріпті. Мұнда 25 баладан екі топ құрылған. Балабақша қосымша жиырмадан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр.

"Бұл балабақша тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта осы ауылда ашылып отырған алғашқы жаңа нысан. Балабақшаның сіздер үшін маңыздылығы жоғары. Ата-аналар енді кішкентай бүлдіршіндерін осында әкеліп тапсырып, өздері алаңсыз еңбек ететін болады. Оның үстіне жаңадан ашылған жұмыс орындары ауыл халқы үшін қосымша еңбек көзі болып отыр" – деп атап өтті аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев ашылу салтанатында.

Серік Әбілхан

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив