KZ
Өскемен
+8°
туман жел 2 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Екі облыстың арасында жиырмадан астам келісім жасалды

2.05.2013, 18:00 234


Мамырдың 3-і күні Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын бастаған құрамында мемлекеттік құрылымдардың басшылары, әлеуметтік салалар өкілдері, кәсіпкерлер және БАҚ қызметкерлері бар делегация Шығыс Қазақстанға келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев керекулік қонақтарды ең бірінші Өскемендегі «Азия авто» АҚ-ға ертіп әкелді. Делегация мүшелері «Chevrolet», «KIA», «Škoda», «LADA» маркалы бүгінгі заманға сай шетелдік көліктерді құрастыратын еліміздегі бірегей кәсіпорынды аралап көріп, оның жұмысымен, шығаратын өнімдерімен жақын танысты.

Екі облыстың арасында жиырмадан астам келісім жасалдыСонымен қатар павлодарлықтар «ҮМЗ» акционерлік қоғамында болып, ол жерде өнеркәсіп тарихынан сыр шертетін мұражайды тамашалады. Атом энергетикасына, электрондық, металлургиялық өнеркәсіптің және басқа да салаларға қажетті жоғары технологиялы уран, бериллий, тантал өнімдерін көрді.

Екі облыстың арасында жиырмадан астам келісім жасалдыБұдан кейін аймақ басшысы меймандарға Ертістің сол жағалауына жайғасқан еліміздегі мешіттердің ішінде үлкендігі жағынан үшінші саналатын Шығыс Қазақстан облыстық мешітін және осы ғибадатхананың дәл іргесінен орын тепкен республикамыздың өзге өңірлерінде жоқ ерекше нысандардың бірі – этноауылды аралатып көрсетті. Керекуден келген делегация өкілдерінің қатты қызығушылығын туғызған да осы облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы болды. Павлодар қаласының әкімі Оразгелді Қайыргелдин келешекте осындай керемет этноаулды өздерінде құруға ынталы екенін жеткізді.

Екі облыстың арасында жиырмадан астам келісім жасалдыПавлодар облысының Шығыс Қазақстандағы күні аясында өткізілген іс-шаралардың ең негізгісі Алтай технопаркінде жалғасын тапты. Бұған дейін делегаттар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың «Іргетас» инженерлік саладағы зертханасының жұмысына қанықты. Сосын екі облыстың өкілдері, яғни мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер және басқалары арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Онда біздің өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті, денсаулық сақтау, білім, спорт және туризм, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау тәрізді салаларда атқарылған және келешекте іске асырылатын жұмыстар назарға ұсынылды. Инновациялық жобаларды да осы жерден кездестіруге болады.

– Бүгінгі өткізіліп отырған шараның маңызы зор. Әсіресе, екі өңірдің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-мәдени байланысын одан ары нығайтып, салалардың дамуына серпін береді. Кешелі бері екі жақтың арасында жиырмадан астам меморандумға, келісімшарттар мен келісім құжаттарға қол қойылды.Оның ішінде нақты айтар болсам, көлік қызметінде, жаңа технологиялар мен металлургиялық өнеркәсіп саласында серіктестік орнату жөнінде келісімдер жасалады, - деді ақпарат құралдарының өкілдеріне берген сұхбатында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын.

Екі облыстың арасында жиырмадан астам келісім жасалдыЕкі өңірдің өзара байланысы туралы технопаркте өткен жиында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та ерекше атап көрсетті.

– Көршілес жатқан екі облыстың тығыз қарым-қатынасы, жалпы ел экономикасының дамытуына, кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, өркендетуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға және осы сияқты басқа да көптеген салаларда оң нәтижелерге қол жеткізуге тың серпін беретіні сөзсіз, - деп сөйлеген облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қонақтарға өңірдің ағымдағы жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында қысқаша мағұлмат берді.

Жиында бірнеше меморамдумға қол қойылып, келісімдер жасалды. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын өңіраралық байланысты дамыту жөнінде келісімге қол қойды.

«Ертіс» ӘКК-нің басқарма төрағасы Нұрлан Сыдықов пен «Павлодар» ӘКК-нің басқарма төрағасы Алмас Мадиев 112 млн. теңгеге ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

«КЭМОНТ» АҚ-ның директоры Елена Беленцева мен «Қазэнергокабель» АҚ-ның бас директоры Денис Семенов 100 млн. теңгеге кабельдік өткізгіш өнімдерімен қамтамасыз ету туралы келімшартқа қол қойды.

«Востокэлетротех» ЖШС директоры Владимир Бельский мен «Қазэнергокабель» АҚ-ның бас директоры Денис Семенов 100 млн. теңгеге кабельдік өткізгіш өнімдерімен қамтамасыз ету туралы келімшартқа қол қойды.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік унисерситетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков пен «Ромат» ЖШС-нің президенті Тұрарбек Рақыш 37,5 млн. теңгеге инвестициялық келісімшартқа қол қойды.

«Өскемен автобекеті» ЖШС-нің директоры Галина Рындина мен «Автобекет қызметі» ЖШС-нің директоры Евгений Пилипенко автобекет қызметіндегі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

«Семей автобекет» ЖШС мен «Автобекет қызметі» ЖШС-нің директоры Евгений Пилипенко автобекет қызметіндегі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар бұл күні екі өңірдің мемлекеттік құрылымдары 9 құжатқа қол қойып, ірі кәсіпорындар арасында 4 келісім жасалды.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив