Шығыс Қазақстандағы «Востокмашзавод» кәсіпорны шамамен үш айдан кейін жаңа бағытта өндіріске қосылады. Соның нәтижесінде биыл шығаратын өнім көлемі 2012 жылмен салыстырғанда жеті есеге, жұмысшылардың еңбекақысы үш есеге артпақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы индустриялдық жобаларды бірлесе жүзеге асыруда. Соның бірі «Востокмашзавод» кәсіпорнының жұмысын жандандыруға бағытталып отыр. Шамамен үш айдан кейін зауыт жаңа бағытта өндіріске қосылады. Соның нәтижесінде биыл шығаратын өнім көлемі 2012 жылмен салыстырғанда жеті есеге, жұмысшылардың еңбекақысы үш есеге артпақ.
Асқар Маминнің пікірінше, бұл жекелеген кәсіпорын үшін елеулі өзгеріс. Зауыттың жаңа өнімдері ТМД бойынша да сұранысқа ие болады.
"Қазірдің өзінде достастық елдері біздің өнімдерімізді күтіп отыр. Жалпы, осы жобаның ойдағыдай жүзеге асуына жергілікті билік те барынша ықылас танытып, қолдау білдіріп келеді" деді Асқар Мамин зуыт жұмысшыларымен кездесу барысында.
Облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мамин осы жобалардың барлығы қамтылған өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Есімжан Нақтыбайұлы