KZ
Өскемен
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Шығыс Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік ынтымақтастығы нығая түсті

10.03.2013, 18:00 220


Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасында жалпы сомасы 1 миллиард 200 миллион теңге болатын өзара серіктестік жөніндегі меморандумға, әлеуметтік нысандарды коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға және облыс әкімдігі мен «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамы арасында жалпы сомасы 815 миллион теңгені құрайтын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оған «Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Эдуард Огай мен Өскемен титан-магний комбинатының президенті Бағдат Шаяхметов қатысты. Аталмыш ірі кәсіпорындармен жасалған бұл келісімдер өңірдегі мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің дамуына елеулі септігін тигізбек. Облысымыз әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағытында елімізде алдыңғы орындардан көрінуде.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив