KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Шығыс Қазақстанда нұротандықтардың саны 70 мыңнан асты

25.09.2013, 18:00 92


Өскеменде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХІV партиялық конференциясы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Келелі жиында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясындағы тың міндеттері мен «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» жаңа саяси доктринасы талқыға салынды. Сонымен қатар, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ХV съезіне баратын делегаттардың тізімі бекітілді.

– Бұл доктрина облыстың аудандары мен қалаларында жан-жақты талқыланып, біздің өңірден партияның Орталық комитетіне қадау-қадау ұсыныстар жөнелтілді. Партияның алға қойып отырған мақсат-міндеттерін іске асыру барысында Шығыс жұртшылығы алдыңғы шептен көрінеді деп сенемін. Бұған біздің әлеуетіміз жеткілікті, – деді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.

Шығыс Қазақстандағы нұротандықтардың саны 70 мыңнан асып жығылады. Облыста 540 бастауыш партия ұйымы және 412 партиялық бақылау бекеті белсенді қызмет атқарып келеді. Партия филиалдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы қалтқысыз орындалуда. Облыстық партия ұйымы құрамының сапасын жақсартуға да жіті көңіл бөлініп отыр. Семей қаласындағы аймақтық саяси менеджмент мектебінде партия мүшелері өз біліктіліктерін арттырады. Осы жылдың сегіз айы ішінде оны 145 адам оқып шықты.

Ержан Әбішұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив