KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

«Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай Бородулиха ауданында дөңгелек үстел өтті

2.03.2014, 18:00 241



Азаттық дәуіріндегі қоғамымыздың барша қазақстандықтарды біріктіретін және елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтары қалыптастырған «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай Бородулиха ауданы әкімінің кіші дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелдің шымылдығын «Нұр Отан» партиясының АФ төрағасы Г.Акулов ашып, «Нұр Отан» партиясының елімізде, оның ішінде өңірімізде атқарған жасампаз істерін тілге тиек етті.

Келесі сөз кезегі тиген «Нұр Отан» партиясының ардагері осы партияның ауданда "Отан" деген атпен саяси өмірге қадам басқан кезінде басы-қасында болған Рамазан Әзімханұлы Құрманбаев өз естелігін жиналған жұртқа сыр қылып атқарды.

«Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай Бородулиха ауданында дөңгелек үстел өтті

«Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы фрпакциясының төрағасы Үміт Мұса-оғлы Эфендиев, "Жас Отан" ЖҚ АБ атқарушы хатшысы Фархад Қасымұлы Бельбеевтар талай жосықты істерді ойға тамызық етті.

Дөңгелек үстелдің соңын ала партия қатарына жаңа мүшелер қабылданып, «Нұр Отан» партиясының АФ төрағасы Г.Акулов «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай бір қатар партияның белсенді де, өнегелі мүшелеріне «Нұр Отан» партиясының АФ алғыс хатын табыс етті.

Серік Әбілқасымұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив