Облыс аумағында түк көрінбейтін ұйытқыған боранның салдарынан бірқатар республикалық және облыстық маңызы бар жолдар көліктің барлық түрлері үшін жабық, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі берген мәліметтер бойынша «Өскемен-Шемонайха» тас жолының 105-123 шақырымы (Шемонайха-РФ шек);
04.03.2013ж сағат 12-оо-ден бастап «Өскемен-Риддер-РФ шек» бағытының15-191 шақырымы жабық.
Облыстық маңызы бар жолдар:
«Өскемен-Горная Ульбинка-Северное»», 17-64 шақырым бөлігі. (Каменный карьер-Феклистовка-Североное) қар көшкіні жүруі мүмкін,
сағат 9:00-ден бастап «Семей-Долонь-Бол.Владимировка-Сосновка-Қоянбай», 0-184 шақырымы,
сағат 10:00-ден бастап «Новопокровка-Петропавловка-Зубаир-Байтанат- РФ шек» бағытының 0-41 шақырымы;
сағат 10:00-ден бастап «Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Белағаш-Дмитриевка» 0-64 шақырымы техниканың барлық түрлері үшін жабық.