Қазақстанның хоккейден ұлттық құрамасы 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу циклін керемет жеңіспен аяқтады. Бүгін кешке біздің команда Рига қаласында британдық хоккейшілермен ойнап, оларды 6:0 есебімен таза жеңіп шықты. Бұл жағымды жаңалықты Vesti.kz. спорт порталы жазады, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Шайбаны Роман Старченко, Константин Романов, Талғат Жайлауов, Алексей Литвиненко, Илья Соларев және Виктор Александров соқты.
Енді барлығын дәл қазір Ригада өтіп жатқан Латвия-Франция құрамаларының ойнының қорытындысы шешетін болады.
Қазақстан мен Ұлыбритания құрамаларының ойындарын бүгін 21.35 уақытта «Қазақстан» телеарнасы көрсетеді.