KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность Штиль
480.5 534.22 5.18

Медицина саласындағы көшбасшы

28.01.2013, 18:00 290


Еуропалық фармацевтикалық топтың құрамына кіретін Santo MemberofPolpharmaGroupкомпаниясы Қазақстандағы дәрі-дәрмек құралдарының жергілікті өндірушілері арасында көшбасшы болып табылады. Өндіріс көлемі бойынша кәсіпорынның Қазақстан нарығындағы үлесі 50%-ды құрайды деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйеніп.

Мамандардың айтуынша, елімізде сатылатын әрбір бесінші дәрі-дәрмек құралының қорапшасын Santo MemberofPolpharmaGroup шығарады. Кәсіпорын 24 фармакологиялық топқа жататын дженерикті (қайта өндірілген) және түпнұсқалық дәрі-дәрмек құралдарының 200-ден аса атауын өндіреді, жыл сайын 20-ға жуық жаңа дәрі өндірісін қолға алуда.
.
Жыл сайын өткізіліп тұратын «Фармацевтика шоқжұлдызы» атты III байқаудың қорытындысы бойынша Santo MemberofPolpharmaGroup компаниясы «Қазақстандық дәрі-дәрмек құралдарының 2011 жылдағы үздік өндірісшісі» және «2011 жылдың топжарғаны» екі аталымы бойынша жүлделерді жеңіп алды.

2012 жылы Компания «Медицина саласындағы көшбасшы» аталымы бойынша Еуропаның сапа үшін берілетін Бас жүлдесін ұтып алды.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив