KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, З
491.71 529.97 5.05

Жаңа жұмыс орындары құрылуда

19.01.2013, 18:00 235


Глубокое кентінде шағын кәсіпкерліктің өрісін кеңейту, жаңа жұмыс орындарын құру жүйелі жүргізіліп келеді. Өткен жылы «Империал» кафесі ашылып, сегіз адам жұмысқа тартылды. Сондай-ақ іске қосылған монша-сауықтыру кешеніне он адам жұмысқа қабылданды. Ал жаңадан ашылған техникалық қызмет көрсету стансасында бес адам тұрақты еңбекпен қамтылды.

«Мейір», «Барий Б и К», «Шахан-Ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері де жоспарлаған шағын кәсіпорындарын салып, өнімдерін өндіруге кірісті. Мәселен, жаңадан ашылған ағаш өңдеу цехына он, жиһаз жасау цехына 25 адам қабылданған. Қазір кондитер цехының құрылысы жүргізіліп жатыр. Іске қосылғанда оған 45 адам жұмысқа тартылады.

Бұған қоса «Төрехан Е» жеке кәсіпкерлігі он адамның басын қосып, жиһаз жасап жатыр. «Белая линия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әжетхана қағазын шығаруда. Бұл цехта бес адам жұмыс істейді. «Лесник» жеке кәсіпкерлігі ағаш өңдейтін цех ашып, алты адамды жұмысқа орналастырды.
Кенттегі кәсіпкерлік нысандарда бірмыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.

Мәлімет көзі Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив