KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Семейдің орталық бөлігінің жобасы таныстырылды

13.01.2013, 18:00 134


2011 жылы бекіген Бас жоспарда Семей қаласының алдағы 25 жылға арналған көркемдік және сәулеттік келбеті айқындалған болатын. Бас жоспардың алғашқы жұмыстары да айқындала бастады. Алматылық «ГРАДО» жобалау фирмасы қаланың орталық бөлігі ауданының нақты жайғастыру жобасын таныстырды, деп хабарлайды Семей қаласы ішкі саясат бөлімі ақпараттық секторының мәліметіне сүйенген Altaynews.kz тілшісі.

Бір ай көлемінде дәл осы қала орталығының нақты жайғастыру жобасына арналып қоғамдық тыңдау өткізіледі.

Семей қаласының орталық бөлігі алдағы уақытта біраз өзгеріске ұшырайды. Облыстық аурухана, темір жол вокзалынан Ертіс өзенінің жағасы аумағына құрылыс жүргізіледі. «ГРАДО» жобалау фирмасының сәулетшілер тобы Семейдің оң жақ жағалауының тарихын негізге ала отырып, жоспар түзген.

Орталық деп есептелген 800 гектар аумақта алдағы жылдары әр түрлі сауда кешендері, бизнес орталықтар мен тұрғын үйлер, әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтереді. Қаланы қиып өтетін шойын жолдың маңындағы маңызды нысандар қалдырылып, қаңырап бос тұрғандары алынып, орнына жаңа ғимараттар салынады.

Осы жобаның бас архитекторы Юлий Айбасовтың сөзіне сүйенсек, жаңа көпірден Павлодар қаласы, Бородулиха бағытына қарай бет алған тұс, яғни Қаржаубайұлы көшесі бойында тұрғын үй кешендері көптеп бой көтеріп, әлеуметтік нысандар түзілмек. Осы жердегі жеке сектордағы үйлердің барлығы алынып, қала орталығының ажары одан ары ашыла түспек.

Сонымен қатар Шәкәрім даңғылының бойында да бірқатар өзгерістер орын алады деп күтілуде. Қазіргі орталық автобекет те алдағы жылдары орын ауыстырады. Сондықтан архитекторлар кеңесе келе автобекетті темір жол вокзалы жанына жайғастыруды жөн көріпті. Жағажайлар қалыпқа келтіріліп, халықтың дұрыс демалуына жағдай жасалынады. Көгалдандыру жұмыстары іске асып, демалыс орындары көптеп бой көтереді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив