KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Астананың туған күніне арналды

2.07.2013, 18:00 153


ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің Жастар орталығы Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына арналған акция өткізді. Іс-шара «Елорда құрдастары» деген атаумен қаланың орталық саябағында өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.

Акция аясында Астана қаласы жайында «Сен білесің бе?» атты интеллектуалдық-танымдық ойындар ұйымдастырылды. Шара барысында 50-ден астам тұрғын Астана қаласы жайлы сұрақтарға жауап берді. Мереке соңында ұйымдастырушылар тұрғындарға Астана қаласы туралы қызықты фактілер жазылған бүктемелерді таратты.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив