KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Көшелер көз тартатын болады

10.01.2013, 18:00 81


Биыл Зырян қаласын көгалдандыру жұмыстарына 3 миллион теңге қаржы бөлу жоспарланған,-- деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі,-- қала көшелерінде жаңа гүлзарлар орналаспақ.

Әсіресе, арамшөп қаптап кеткен Зырян және Рудный көшелерінің қиылыстарын көріктендіруге ерекше көңіл бөлінетін болады.

– Сондай-ақ, ағымдағы жылы гүлзарлар Советский көшесіне де жасалатын болады. Қала келбетін көріктендіру жұмыстарына коммуналды кәсіпорындармен бірге жас табиғат зерттеушілер стансасы да атсалысады, - дейді Зырян қаласының әкімі Лариса Гречушникова.

Жоспарға ғалым А.Каюповтың мемориалдық тақтасының айналасын гүлмен безендіру жұмыстары да енгізілген. Бұдан бөлек, Киров көшесінің жолын күрделі жөндеу жұмыстары биылғы көктемнен басталады деп күтілуде.

Мәлімет көзі Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив