KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

«Көгілдір шығанақ» демалыс базасына тақтайдай жолмен баратын болдық

6.08.2012, 18:00 197


Биыл Зырян ауданын дамыту бағытындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 2 миллиард 500 миллион теңге бөлінген. Бұл күндері Чапаево ауылында салынып жатқан мектептің құрылысы жеделдетілген қарқынмен жүргізілуде. «Горняк» мәдениет үйі жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Көгілдір шығанақ» демалыс базасының кіреберіс жолы жөндеуден өткізілуде.

Қазіргі уақытта Зырян қаласындағы қазандықтың екі турбогенераторын орнату жұмыстары басталды. Сондай-ақ 280 орынға шақталған балалар бақшасы салынып жатыр. Биылғы мамыр айынан бастап, аудан орталығындағы Бажов көшесіне күр-делі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Березовка ауылындағы, Зубовск кентіндегі су құбырларын және Зырян қаласындағы жылыту желісін қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жалғастырылуда.

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Зырян қаласын сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін бас құбыр желісін жөндеу жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 274 миллион теңгенің жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив