KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.16 480.39 4.94

Семей қаласында ағымдағы жол жөндеу жұмыстарына қосымша қаржы бөлінді

16.05.2013, 18:00 110


Семей қаласында ағымдағы жол жөндеу жұмыстарына қосымша 48 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семей қалалық әкімдігінде хабарлағандай, бұл дерек қалалық мәслихатта бюджетке енгізілген толықтырулар кезінде айтылған.

Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуұлы қалалық бюджеттің кіріс бөлігі 320 миллион теңгеге ұлғайып, жергілікті қаржы қазынасының көлемі 11 млрд. 620 млн. теңгені құрап отырғанын жеткізді.

Бюджетке енгізілген толықтырулар кезінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына қосымша сұралған 259 млн. теңге бекітіліп, ағымдағы жол жөндеу жұмыстары үшін тағыда 48 млн. теңге қосылған.

Бұл қаражат жолдарды орта және қайта жөндеу жұмыстарына қатысты жыл басында бекітілген 900 миллиондай теңгенің сыртында.

Сонымен бірге қаладағы тағы 14 көшені жарықтандыру үшін 15 млн. теңге бөлінсе, көшелерді абаттандыруға қосымша 30 млн. теңге қарастырылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив