2013 жылы облысқа республикалық бюджеттен келетін нысаналы трансферттер көлемі 12,8 млн. теңгеге артып отыр. Осы өзгерістерге қатысты облыс бюджетінің шығыс бөлігінің көлемі 180685,5 млн. теңгені құрады , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Бұл жөнінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Елена Ясинская баяндады.
Басқарма бастығының келтірген деректеріне қарағанда, ауыл шаруашылығының кейбір салаларына бөлінер қаржы көлемі азайтылған. Мәселен, балық өндірушілерден өтініш берілмегендіктен, тауарлы балық шаруашылығының өнімділігі мен сапасын жоғарылатуды субсидиялауға 35,6 млн. теңге қаражат азайған. Сонымен бірге субсидиялар ұсыну ережесіне өзгерістер енгізілуіне орай, тұқым шаруашылығын қолдауға, бірегей тұқым өндіруге субсидиялар алынып тасталған. Керісінше қой, жылқы еттері мен қымыз өндіруді арттыруға байланысты мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын жоғарылатуды субсидиялауға байланысты нысаналы трансферттер 97 млн. теңгеге ұлғайтылған.
Денсаулық сақтау саласында өткізілген конкурстық процедуралар бойынша үнемдеуге орай, 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Ќазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарында болғандарға және одан босағандарға ВИЧ- инфекциясының алдын алуға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыруға көзделген 2,2 млн. теңге көлеміндегі трансферттер азайтылған.
Дәурен Аллабергенұлы