KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Қазақстан мен Қытай арасында теміржол қатынасы ашылды

21.12.2012, 18:00 199


Бүгін Қазақстан мен Қытай арасында Алтынкөл (ҚР) --Хоргос (ҚХР) теміржол қатынасы ашылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сүйеніп.

Алтынкөл-Хоргос теміржол учаскесінің ашылу салтанатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Мамин бұл халықаралық теміржол қатынасының Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланысқа тигізер ықпалы зор екенін атап өтті. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткіш - 25 млрд. долларға жеткен.

Сондай-ақ аталмыш теміржол Евразия картасында Қытаймен Европа елдерін Қазақстан арқылы жалғастырытын қосымша бағыт болып белгінеді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив