KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Аймағымыздағы 6 елді мекен таратылуы мүмкін

18.12.2012, 18:00 177


Үкімет басындағылардың ұйғарымымен 50-ден аз тұрғыны бар елді мекендер таратылуы тиіс. Аймақтық картадан бір де бір тұрғыны қалмаған 6 село мүлде жоғалып кетуі мүмкін. Олар : Красная юрта, Бөрлі, Кондратьевка, Еспе, Южное және Бородулихина ауданындағы 41 разъезд, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.



Тұрғындарының саны елуге жетпейтін ауылдар маңындағы үлкенірек елді мекендерге қосылады.

-Әрине, адамдарды олардың еркінен тыс ешкім де ешқайда көшірмейді, - деп түсіндірді экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының маманы Мария Шумаканова. – Тек шағын елді мекендер жақын жердегі ірілердің құрамына кіретін болады.

Басқармада барлық құжаттарды аудандық әкімдердің әзірлейтінін, қайта рәсімдеуге тұрғындардан ешқандай ақша талап етілмейтінін айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив