KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
480.61 534.53 5.28

Енді қанша адам жұмыспен қамтылды?

29.11.2012, 18:00 173


Елімізде былтырғы жылдың 1 шілдесінен бастап «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл жобаның басты мақсаты – жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Жалпы, аталған бағдарламаны іске асыру бірінші кезекте оқытуға, жұмысқа орналастыруға, тұрғылықты жері бойынша өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастыруға жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесуге бағытталған.

Бүгінде осынау бағдарлама аясында екі қолға бір күрек тапқан қазақстандықтардың қатары әжептеуір артты. Мемлекет биыл бұл бағытқа 62,3 миллиард теңге бөліп отыр. 1 қарашаға дейінгі мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына қызығушылық танытқандардың саны 104,5 мың адамды құраған. Олардың 98,4 мыңы бағдарламаға қатысуға өтініш білдіріпті.

Арнайы құрылған жұмыс тобы халық тарапынан келіп түскен өтініштердің барлығын қарап, нәтижесінде 96,1 мың азаматпен әлеуметтік келісімшарт түзілді. Бүгінде олардың 14,4 мыңы қайта оқытудан өтпей-ақ жұмыспен қамтылған.

Статистикаға көз жүгіртсек, бағдарлама аясында келісімшартқа отырған азаматтардың 64 955-і (67,6 пайыз) мүлдем жұмыссыздар екен. Ал, өзін өзі жұмыспен қамтығандардың саны 24 612 (25,6 пайыз) адам. Әлеуметтік аз қамтылғандар – 5874 (6,1 пайыз), жалдамалы жұмысшылар – 631 (0,7 пайыз) адамды құрап отыр.

Айта кетейік, келісімшартқа отырған азаматтардың 59,5 пайызы (57 170 адам) жастар. Ал, нәзік жандылардың үлесі 49,6 (47 665 адам) пайызға жетіпті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив