KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность Штиль
443.35 475.54 4.82

Шағын бизнеске шапағаты тиді

26.03.2012, 18:00 145


«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Оған ауыл кәсіпкерлері және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар, жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар адамдар қатыса алады.

Осы бағыт аясында шағын несие беру, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкер-ліктің негіздерін оқыту сияқты мемле-кеттік көмектер көрсетіледі.
2011 жылы Жарма ауданына «Жұмыспен қамту – 2020» бағдар-ламасының екінші бағытын қаржы-ландыруға 62,2 млн.теңге сомасында қаражат бөлінген болатын. Бағдарлама арқылы Жарма ауданының 30 азаматы несие алып, жеке ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге мүмкіншілік алды.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы 3 кәсіпкерге жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфра-құрылымды дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив