KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 2 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша кәсіптік білім беруге 12,7 миллиард теңге жұмсалды

6.02.2012, 18:00 269



«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты азаматтарды оқыту мен оларды жұмысқа орналастыру мәселелерін қамтиды. Ал кәсіптік білім беру ісіне 13 миллиард теңге жұмсалып, олардың 12,7 миллиард теңгесі игерілді.

Бұл туралы бүгін он-лайн режимінде өткен Үкіметтің селекторлық мәжілісінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының өткен жылғы қорытындылары жөнінде баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.

Министрдің мәліметтерінше, оқыту ісіне 431 білім беру мекемесі, яғни негізінен кәсіптік лицейлер мен колледждер жұмылдырылды. Оқыту жұмыстарымен 69 мың адам қамтылды. «Естеріңізде болса 2009-2010 жылдарды қамтитын «Жол картасы» бағдарлама аясында елімізде бірқатар азаматтар кәсіптік білім беру жүйесі бойынша білім ала бастаған болатын. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша біз осындай 26 мың азаматтың оқуын жалғастыруларына мүмкіндік жасадық», - деді Г.Әбдіхалықова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив