KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 1 м/с, С
491.71 529.97 5.05

«Тұңғыш Президент: 20 табысты жыл»

19.11.2012, 18:00 122


1-желтоқсан күні Қазақстан халқы үшін елеулі оқиға. Еліміз алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Бұл күнге орай А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана мерекелік бағдарлама әзірледі.

Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде тәуелсіз Қазақ елі қалыптасты. Осы Егемендігіміз арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Міне, Президентіміз әрқашан осындай жарқын істердің шыңынан табылып отырды. Халқымыздың жетістікке жету жолдары, Ұлт Көшбасшысының өмір жолы, ғылыми әрі саяси ізденістері туралы "Тұңғыш Президент: 20 табысты жыл" кітап көрмесі таныстырады.

Президентіміз туралы ағылшын жазушысы Дж. Айткен: «Өмірі... халқының тағдырымен қабысып жатқан... кейіпкер ретінде де заман жүгін көтеріп тұратын саяси қайраткерлердің өмірі қызықтырады» деген екен. Кітапхананың кинозалында режиссер Рүстем Абдрашев түсірген Президентіміздің балалық және жастық шағын сомдайтын «Балалық шағымның аспаны» фильмін көруге шақырамыз.

Н.Назарбаев армандаған болашақ Қазақстан қандай? Ол - ана тілінде еркін сөйлейтін, орыс тілін игерген, ағылшын тілін меңгерген ұрпақтың Қазақстаны. Ұлты тату, этникалық толерантты, Индустриялық-инновациясы өркендеген, терезесі тең, керегесі кең өркениетті Қазақстан. Осы туралы 22-қарашада өтетін «Президент, Маршал, Ұлт көшбасшысы» интернет сабағында сөз болады. «Presidents Day:Through the History Flow» ағылшын тіліндегі пікірталас (28 қарашада), «Елге қызмет - халыққа қызмет» патриоттық сабағында (27 қараша) елбасының өмір жолы, оның экономика, тарих, ұлт рухы, халықтың салт-санасын дүр сілкіндіріп оятатын пікірлері туралы ой қозғалады.

ҚР президентінің әлеуметтік саясатын қолдау мақсатында балалар үйлері жасөспірімдеріне «Мен кітап оқуды таңдаймын!» атты сыйлық акциясы ұйымдастырылады (29-қараша). Ол «Аруна» баспасы мен А. С. Пушкин атындағы кітапхананың бірлескен жобасы. Мереке барысында қаламыздағы балалар үйлері жасөспірімдері арасында «Президенттің оқитын кітабы» атты әңгіме өтеді. Президенттің балалық шағының кітабы, сүйікті авторы, кітап оқудың маңызы, кітап жайында қандай ойлар айтқан? Осы сұрақтар төңірегінде жасөспірімдер өзара пікір алмасады. Мереке өскелең ұрпаққа арналған «Аруна» баспасының басылымдары және Президент кітаптарын сыйға тартумен ұласады.

Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Келіңіздер, іс-шарамыздың құрметті қонағы болыңыздар!

Байланысшы: Ашкенова Жансая
Тел.: 26-13-33




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив