KZ
Өскемен
плотный туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Дарынды балаларды қалай анықтаймыз?

26.10.2012, 18:00 132


Өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығында «Облыс қалалары мен аудандарындағы дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық оқу-семинары өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасы-ның жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген бұл семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің дарынды балалармен жұмыс жүргізуге бекітілген әдіскерлері, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің өкілдері, мектеп директорларының орынбасарлары және мұғалімдер қатысты.

Басқосуда «Дарын» орталығының директоры Жанат Айтпаева мен орталық қызметкерлері қаралып отырған мәселенің маңызды аспектілерін атап өтсе, жиналғандарға әдістемелік ұсынымдар беріліп, әсі-ресе, мониторингтік жұмыстардың қажеттілігіне назар аударылды.

Семинарды қорытындылау барысында Шәкерім атындағы (Семей) үш тілде оқытатын мектеп пен №37 орта мектеп директорларының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарлары шараның өзектілігін, мазмұндылы-ғын атап өтті. Сондай-ақ, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша дарынды балалармен жұмыс жүргізуде жоғары жетістіктерге жеткен шығармашыл мұғалімдер мен әдіскерлерге грамоталар тапсырылып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив