KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
459.75 494.14 5.54

Өскеменде оқушылар арасында облыстық «Сиқырлы би әлемі» байқауы өтеді

26.04.2013, 18:00 355


29 сәуірде Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында мектепке дейінгі білім беру және орта білім беру мекемелерінің 1-9 сынып оқушылары арасында облыстық «Сиқырлы би әлемі» байқауы өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шараны Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы мен Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебімен бірлесе отырып ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаттары:

- өнерлі де дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету;
- би өнерінің танымды болуын насихаттау;
- оқушылардың хореографиялық қабілеттерін дамыту.

Байқау келесі жас аралығында жүргізіледі:
- 5-7 жас – кіші топ;
- 8-11 жас – орташа топ;
- 12-15 жас – ересек топ.

Облыстық байқауға әр ауданнан (қаладан) жас ерекшеліктері бойынша орын алған жүлдегерлер қатысады.
Байқауға қатысушыларды облыстағы хореография саласындағы жетекші мамандар сарапқа салады. Қазылар алқасының төрағасы – Қазақстанның көрнекті өнер қайраткері, балетмейстер, педагог, КСРО халық әртісі Рамазан Салихұлы Бапов.
Би орындаушылық шеберлік деңгейі, композициялық құрылымы, хореографиялық материалды таңдап алуы, сахналық мәдениеті мен әртістілігі, көркемдік образды аша білу өлшемдері бойынша бағаланады.

Қазылар алқасы байқау қортындысы бойынша Бас жүлде иегерін және І, ІІ, ІІІ дәрежелі лауреаттарды анықтайды. Жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

Қосымша ақпараттар алу үшін: 8/7232/552-112, 700-609 телефондарына (Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы) хабарласуға болады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив