KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 2 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Мұғалімдерге арналған интерактивті дәріс ШҚО-да ұйымдастырылды

1.10.2012, 18:00 169


Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы мұғалімдерге интерактивтік оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ізденімпаздық жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету мақсатында онлайн дәрісін өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Интерактивті сабаққа педагогика ғылымдарының докторы, профессор Надежда Завалко қатысты. Тәжірибелі ұстаз дарындылық ұғымына сараптама жасап, талантты балаларды оқытудың әртүрлі нұсқаларымен таныстырды. Профессор ізденімпаздық әрекеттер-дің құрылымына, ерекшеліктеріне тоқталып, жиі кездесетін кемшіліктерді атап өтті, оларды жоюдың жолдарына назар аударды.

Дәріске қатысушылар алдағы уа-қытта әртүрлі деңгейдегі ғылыми жа-рыстардың жеңімпаздарымен онлайн конференциялары ұйымдастырылса, бастауыш және орта буын оқушылары-на ізденімпаздық жұмыстарымен айна-лысуға көбірек мүмкіншілік берілсе деген тілектерін ортаға салды.

«Дарын» орталығы келешекте шетел және республикалық ЖОО-ның ғалымдарымен онлайн және қашықтықтан оқыту семинарларын, шеберлік сыныптарын өткізуді жоспарлап отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив