KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

RADIO ALTAY жаңалықтары - 03 қазан 2012 жыл

2.10.2012, 18:00 88


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Зырян қаласында құрастырмалы темір қоршаулар өндірістік нысаны ашылады. Осыдан бірер жыл бұрын елімізде алғашқылардың бірі болып, шыны жиһаздар жасауды қолға кәсіпкер Николай Каминский енді облыстың өзге жерінде кездеспейтін темір қоршаулар шығаруды іске асыру үстінде. Темір қоршаулар қойма, гараж, машина-трактор шеберханасын жасауға қажетттілік тудырып отыр.

Үржар ауданы Қарабұлақ елді мекенінің тұрғыны Бибігүл Рымбаева мемлекеттен екі миллион теңге несие алып, ауылға наубайхана ашып берді. Осы уақытқа дейін қарабұлақтықтар нанды көрші ауылдан тасымалдап келген. Жаңа үлгідегі наубайхана күніне 200 дана жоғары сапалы нан пісіруге лайықталған.

Зырян ауданында дарынды оқушыларды қолдау және дамыту орталығы ашылған болатын. Осыған орай Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-тәжірибелік «Дарын орталығы осы аудандағы дарынды оқушыларды анықтап, оларға дем беру мақсатында көшпелі семинар өткізді.

Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында 20 төсек орындық аурухана ашылды. Бұл аурухана бес ауылдық округ тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге арналған.

Семей педогогикалық институтында «Тәрбие-тал бесіктен» тақырыбында шығармашылық кеш өткізілді. Кештің мақсаты-қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бойынша жас ұрпақтың бойына әдептілік қасиеттерін сіңіру. Өткен мен бүгінді салыстыра отырып, қазақы тәрбиенің нақты үлгісін анықтау.

Күршім ауданынының Ақсуат ауылындағы қазіргі талаптарға сай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген клубтың ашылуы салтанатты жағдайда өтті. Аудандық Мәдениет үйінің әншілерімен қатар, көршілес ауылдардан келген өнерпаздар да жергілікті тұрғындарға тамаша көңіл-күй сыйлады.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Бородулиха ауданында ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп ірілендіру және дамыту бағытында нақтылы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы 34 жай серіктестігі тіркелген болса, қазіргі уақытта солардың саны 41-ге дейін өсті. Оның ішінде 28 жай сетіктестікке 139 ұсақ шаруа қожалықтары біріктірілді.

Ұлан ауданындағы «Екімбаев» шаруа қожалығының ұжымы картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ өсіріп, мол өнім жинады. Жиналған өнімдерінің біразын шаруашылық өзінің қоймасында сақтаса, өтімді тауарлардың бір бөлігін тұрақтандыру қорына екі жаққа да тиімді бағамен өткізіп отырады.

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы мұғалімдерге интерактивтік оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың іденімпаздық жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету мақсатында онлайн дәрісін өткізді. Интерактивті сабаққа педогогика ғылымдарының докторы, профессор Надежда Завалка қатысты.

Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен шаһардағы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың 115 жылдығына орай жас ақындар айтысы өтті. Он бес жұп болып сайысқа түскен айтыс қорытындысында Ыбыраева бас жүлдеге ие болды.

Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдық мерейтойы аясында «Парасат» жастар лигасы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесе отырып, «Өзің үшін» атты экологиялық акция өткізген болатын. Шараның алғашқы кезеңінде 800-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды.

Түркияның Стамбул қаласында көркем гимнастикадан өткен халықаралық турнирге өскемендік Ангелина Ықынасбаева қатысып, 10 жасқа дейінгі қыздар арасында шығыршықпен жаттығуда үшінші орынға ие болды.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив