KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Жас ақындар айтысы Семейде өтті

1.10.2012, 18:00 201


Жуықта Семейде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен шаһардағы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 115 жылдығы және Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай жас ақындар айтысы өтті. Он ақын бес жұп болып сайысқа түсті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өнер сайысында Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті Назгүл Ибраева, Жасұлан Мақаев, Ардабек Ақбабаұлы ой ұшқырлығымен, сөз көркемдігімен, тақы-рыпты аша білумен ерекшеленді. Айтыс қорытындысын жариялаған қазылар алқасының төрағасы, республикалық қазақ тілі қоғамының вице-президенті Орал Шәріпбаев сайысқа түскен жастардың сөз өнеріне біраз төселгенін, әлі де көп ізденіп, еңбектену қажеттігін айтты. Сондай-ақ айтыс мектебінің жетекшісі Дәмеш Омарбаева мен ақын С.Молдабековтың еңбектерін атап өтті. Айтыс қорытындысында 1-ші орынды Н.Ибраева, 2-ші орынды Жасұлан мен Ардабек, 3-ші орынды Ерлан Дәулет, Балғын Қабденова мен Қуаныш Нұржанов иеленді. Жүлдегерлер дип-ломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив