KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, С
467.29 501.03 5.35

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының мәні ерекше зор

28.09.2012, 18:00 132


Бүгінгі күні ауыл жұртшылығының арасында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының мәні ерекше зор болып тұр. Бұған несиенің арқасында жеке шаруасын шалқытып, жағдайларын жақсартып алған қарапайым адамдардың қам-қарекеті дәлел.

Көкпекті ауданы Казнаковка ауылдық округінде биыл осы бағдарлама арқылы несие алған үш отбасы кәсіптерін жүргізуде. Айталық, 3 миллион теңге көлемінде несие алған Н.Воротникова құс өсіруді қолға алған. Ол қазір 2 мың тауық балапанын өсіруде. Келешекте жұмыртқамен қатар тауық етін өндіруге ден қоймақ. Ал оның ауылдасы М.Көкебаева өсімдік шаруашылығына маңыз беріп, жерлестерін жеті жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз еткен.

Сол сияқты Көкжыра ауылындағы «Серік» шаруа қожалығының басшысы Е.Қажығалиев болса, 3 миллион теңге көлемінде алған несиесін бие сауып, қымыз өндіру ісіне бағыттамақ.

Бұдан бөлек Бастаушы ауылдық округінде екі адам бағдарлама бойынша несие алып, бірі құс шаруашылығы-мен, екіншісі ірі қара мал өсірумен айналыспақшы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив