KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Мектептерді күрделі жөндеуге жеткілікті бөлінді

2.09.2012, 18:00 224


Биыл Семей қаласындағы мектептерді жөндеуге жергілікті бюджеттен және «Жол картасы» бағдарламасы аясында түбегейлі жөндеуге 85 млн. теңге, ағымдағы жөндеуге 65,5 млн. теңге бөлініпті.


– Биылғы қаражаттың басым бөлігі жылу және су құбырларын жөндеуге, жылу қазандықтарын жаңартуға және тозығы жеткен есік-терезелерді ауыстыруға жұмсалды, – дейді қалалық денешынықтыру, спорт және білім бөлімі бастығының орынбасары Николай Пивкин. – Жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын қалалық білім бөлімі, СЭС қызметкерлері, төтенше жағдайлар басқармасының өкілдерінен құралған арнайы комиссия тексеріп, қабылдап алуда. Бүгінде №№21, 28, 31, 4, 16 мектептер оқу жылына толық дайын. Қаладағы тоғыз мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Ол мектептердің барлығының жылу құбырлары мен қазандықтарында ақаулар орын алған-ды. Әсіресе, №13 мектепте көптен күткен спортзалы мен су құбырлар жүйесі жөнделді. Ал №15, 36, 21 мектептерде спорт алаңдары жасақталып жатыр. Онда футбол ойнауға лайықты жасанды шөппен алаң аумағы толық жабылатын болады. Ал №9 мектепте футболмен қоса, баскетбол, волейбол да ойнап, жаттығатын үлкен алаң ашылмақ. Оны жасау-ға демеушілік танытып отырған – «Транс-ойл» мұнай компаниясы.

Мектептерді күрделі жөндеуге жеткілікті бөліндіҚаладағы №25 мектепте де ағымдағы жөндеулер жүргізілді. Мәселен, №10 мектепте жылу жүйелері реттеліп, линолеум ауысты-рылған. Барлық жөндеу жұмыстарын жасауға тендер ұтып алғандар – семейлік мердігер мекемелер. Бірақ, мектеп кабинеттерінің ішін ақтап, бояу әзірше ата-аналар комитетінің күшімен, солар жинақтаған қаражатқа жасалуда.

Николай Пивкиннің айтуынша, бұрындары қалада химия кабинеттері жоқтың қасы бо-лып, тіпті, зерттеулер жүргізілетін қажетті колба шыныларын мектептер бірі-бірінен сұрап жүрген екен. Ал биыл ол проблема толықтай шешілді деуге әбден болады. Биыл кабинеттерді құралдармен қамтамасыз етуге 71 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінсе, оның 20 млн. 485 мың теңгесі республикалық бюджеттен беріліпті. Бұл қомақты қаржыға жеті химия кабинеті, бір мультимедиалық сынып және тоғыз медициналық бөлме жабдықталып отыр. Сондай-ақ, алты оқушыларды тасымалдайтын көлік, бір интерактивті тақта, мектеп асханаларына қажетті екі ас-ауқат жабдықта-ры сатылып алынған.

Бүгінде қала көлемінде 73 мектеп бар десек, оның 45-і қала ішінде, қалғандары ауылдық округтерде орналасқан. Бұны мысалға келтіру себебіміз, қаладағы бірқатар мектептер түрлі себептермен қысқартылып, ал ауылдық округтердегі үш бастауыш мектеп бала санының аздығына байланысты жабылмақ. Сол сияқты №42 және №45 мектептер біріктіріледі. Ал қаланың кейбір бөліктерінде ауылдан келген қоныстанушы-лар көп болғандықтан және олардың балалары баруға тиіс мектептер шағындау болуы себепті ол мектептердің жанынан жаңа білім ордалары бой көтермек.

Семей қаласының 2015 жылға дейінгі даму бағдарламасына орай, Степной, Шығыс, Восход, Юность кенттерінде төрт жаңа мектеп салынып, мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша алты балабақша бой көтеретін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив