KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 4 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде жолақысы қымбаттайды

18.08.2012, 18:00 150


Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс өткен сегізінші сессиясында 1-қыркүйектен бастап қала ішіндегі автобус тасымалдарының тарифі 60 теңге болып бекітілді.

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Оксана Желякованың айтуынша, көлік тасымалымен айналысатын мекемелер жолақысын 60 теңгені қойып, 70 теңгеге дейін қымбаттатқысы келген. Қалалық мәслихаттың 17 тамызда өткен кезекті сессия отырысында депутаттар бұл мәселені майшаммен қарады. Арнайы құрылған комиссияның ықпалымен баға тек 20 пайызға көтерілді. Аталмыш комиссия мүшелерінің мәлімдеуінше, көлік тасымалдаушылардың бағаны 70 теңгеге дейін көтеруге байланысты нақты дәлелдері болмаған, тасымалдан түсетін кіріс мөлшерін де анық көрсетпегендіктен олар өз талаптарын экономикалық тұрғыдан қанағаттандыра алмады. Ал еліміздегі автотасымалдаушылар қауым-дастығының төрағасы Николай Масич жолақысын 60 теңгеге көбейткенмен тасымалдаушыларға бұдан келіп кетер пайда жоқ деп отыр.

– Әрине, 60 теңге 50 теңгеден жақсы, біз жүргізуші-лер мен кондуктордың еңбекақысын көтереміз, бірақ инфляциялық жағдайлар бізге түсетін кіріс мөлшеріне бәрібір салқынын тигізбей қоймайды. Сондықтан да бұл тарифтің біз үшін ешқандай пайдасы жоқ. Уақыт өте келе біз бағаның тағы да көтерілуін талап етеміз, – дейді қауымдастық төрағасы.

Николай Масичтің айтуынша, алдағы уақытта жолақысы 70 теңге түгілі, 80, тіпті, 100 теңгеге дейін шарықтауы мүмкін.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив