KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейлік тасымалдаушылар қоғамдық көліктің жолақысын 60 теңгеге көтеруді талап етуде

18.12.2012, 18:00 109


Семей қаласының жолаушыларды тасымалдаушылары қоғамдық көлікте жолақысын көтеруді талап етуде. Олар қыркүйек айында да осы мәселені көтеріп, тіпті көліктердің салондарында жолақысы қымбаттайтыны туралы хабарландыру да іліп қойған. Алайда ол жолы жергілікті басшылар наразылық білдірген қалалықтарды қолдаған болатын. Енді жолаушыларды тасымалдаушылар әкімдіктің қарсылығына да қарамайтын сияқты.

Олар қала тұрғындарына жолдаған Үндеулерінде жолақысының ( 50 теңге) 2011 жылдан бері, яғни, екі жыл көлемінде сақталып келе жатқанын, алайда осы мерзім аралығында жолақысын құрайтын қызметтердің барлығының бірнеше есе қымбаттап кеткенін алға тартады.

Тасымалдаушылар 2012 жылы ақпан, шілде, желтоқсан айларында қалалық әкімдікке осы мәселе жөнінде хат жолдағандарымен, жауап келмеген. Соңғы рет 6 -желтоқсанда жолақысын 60 теңгеге дейін көтеру жөнінде қала әкіміне жолданған хат та жауапсыз қалған. Егер желтоқсанның 20-на дейін жауап болмаса, тасымалдаушылар өз беттерімен жолақысын көтеретіндерін ескертеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив