KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 5 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейде қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттады

1.01.2013, 18:00 190


Семей қаласында қоғамдық көліктің жолақысы 2013 жылдың 1-қаңтарынан 50 теңгеден 60 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл «жағымды» жаңалықты жолаушылар жаңа жылдың алғашқы күні көлікке отырғанда ғана білген. Тасымалдаушылардың бағаны қаншалықты заңды түрде көтеріп отырғаны мереке күндері аяқталған соң ғана белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін семейлік тасымалдаушылардың қоғамдық көлікте жолақысын көтеруді талап етіп жатқанын хабарлағанбыз.
Тасымалдаушылар 2012 жылы ақпан, шілде, желтоқсан айларында қалалық әкімдікке осы мәселе жөнінде хат жолдағандарымен, жауап келмеген.

Олар қала тұрғындарына жолдаған Үндеулерінде жолақысының ( 50 теңге) 2011 жылдан бері, яғни, екі жыл көлемінде сақталып келе жатқанын, алайда осы мерзім аралығында жолақысын құрайтын қызметтердің барлығының бірнеше есе қымбаттап кеткенін алға тартады.

Соңғы рет 6 -желтоқсанда жолақысын 60 теңгеге дейін көтеру жөнінде қала әкіміне жолданған хат та жауапсыз қалған. Егер желтоқсанның 20-на дейін жауап болмаса, тасымалдаушылар өз беттерімен жолақысын көтеретіндерін ескерткен болатын. Енді жолаушыларды тасымалдаушылар әкімдіктің қарсылығына да қарамайтын сияқты.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив