KZ
Өскемен
небольшой снег жел 4 м/с, В
491.71 529.97 5.05

Семейде қоғамдық көліктердің жолақысы заңсыз көтерілді

9.01.2013, 18:00 139


Семейдегі жолаушылар тасымалымен айналысатын бірқатар мекемелер қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысын заңсыз көтерген. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қала жұртшылығының айтуынша, Жаңа жылдың қарсаңында автобустарда ілінген хабарландыру парақшаларында «2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір адамның жол жүру билетінің толық құны 10 теңгеге өсіп, 60 теңгені құрайды» деп жазылып тұрған көрінеді.

Бірақ жергілікті билік өкілдері «жолаушылар тасымалдаушы мекемелер тарифті әкімдікпен келіспей өздері көтеріп жіберді, бұл заңсыз» деген уәжді көлденең тартып отыр. Қалай болғанда да бұл мәселенің түйіні 10 қаңтардан кейін өтетін тендерлік комиссияда шешіледі.

Естеріңізге салсақ, қоғамдық көліктердің иелері өз еріктерімен жолақысын өткен жылдың 16 қазаны мен 20 желтоқсанында қымбаттатпақ болған-ды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив