KZ
Өскемен
+6°
дождь жел 1 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Ғайыптан келген аппақ құс

15.08.2012, 18:00 238


«Әр елдің салты басқа» деп қазақ халқы қарапайым тілмен әр жердің суы, аспандағы айының сәулесі, майлы топырағы, барлық табиғаты сол жерде туып, өскен адамдарының мінез-құлқы мен тыныс–тіршілігіне ерекше әсер ететініне философиялық тұжырым жасағанына мән бере бермейміз.

Осындай ерекше жердің бірі Үлкен Қаратал селосында біздің үйдің балалары өсіп-өнген едік.

Әке-шешеміз осы ауылдың мұға-лімдері болды да, балаларымызға біздің беделіміз кері әсер етпесін, ұстаздар көтерме баға қойып, ұл-қыздарымыздың бойында мақтаншақ мінез қалыптаспасын деп басқа селодағы, совхоз орталығындағы мектепте оқыдық. Рүстем мектепке барғанда әке-шешеміз зейнеткерлікке шыққан еді. 90-шы жылдардағы қайта құру кезеңінде әкімшілік пен оқу-білім бөлімінің алдына ауылдағы сегіз жылдық мектепті он жылдыққа кеңейту жөнінде ауыл тұрғындары мәселе қояды. Рүстем осы мектептің он жылдығын бітірді.

Әке-шешеміздің үйіне сол кездері жиі баратынбыз. Келе сала Рүстемнің тәртібін, сабағын сұрай бастаймыз. 90-шы жылдар ша-масы болу керек, Рүстем 6-сыныпта оқып жүргенде үй тапсырмасына күн тәртібін жасауға береді. Ол өзінің күн тәртібін жасап, тіпті, бетін жуа сала, тамаққа барарда ілулі тұрған ережесін оқитынын айтты.

Ол ас үйдің есігіне ілінген, Мұхам-мед Пайғамбардың хадистерінен өзіне қажеттісін іріктеп алған ереже екен.

Мен үйдің тұңғышы болған-дықтан ба, әлде жаратылысымнан ба, бәлкім, ұстаз болғандықтан ба олардың дұрыс жүруіне, тәртібіне, істерінің оң шешілуіне қарайла-
сып, барлығына көңіл бөлетінмін. Рүстем 9-сыныпта оқып жүргенде, көктемгі каникул кезінде әкем үйге келіп: «Мені Рүстем арнайы жіберді, саған сол үшін Зайсан қаласына келдім» деді. Бала емес пе, аң қуып, түлкі аулап, әуестеніп жүріп сабақ-қа дайындықсыз барыпты. Бірнеше екілік алып, онысын түзетіпті. «Мен ешкімнен қорықпаймын, тек Бағдаттан қорқамын. Ол келгенде маған ұрыспасын, енді ешқашан қайталамаймын, беске оқимын» депті. «Оның көңілі қалып қоймасын, ол – ақылды бала» деді әкем. Әрине, мен соңынан білмеген кейіп таныттым. Содан кейін мен оның көңіліне қарап отыратын болдым. Рүстем де сөзінде тұрып, мектепті беске аяқтады. Алматыға өзім алып барып, Ұлықбектің қолына тапсырдым.
Ол әңгіме айтқанда қызықтап, көңілін қимай аяғына дейін тыңдай беретінмін. Кейде үйдегі бар шар-уамды ысырып тастап, қолпаштап, тыңдай беретінмін. Маржанмен қалай танысқанын өте қызықты қылып айтатын. Алматыда бірге оқыған досының үйіне бара қалса, алақанға қарап, тағдырын болжайтын апайы бар екен. Алақанына қарап: «Қара торы, шашы иығына түскен, өзің оқитын жеріңнің автобус аялдамасынан көріп, сол қызға үйленесің. Ол әлі Алматыда жоқ,
сен үшінші курс оқығанда ол қыз бірінші курсқа келеді. Басқа қыздармен танысып, босқа әуре болма» дейді әлгі кісі Рүстемге. Өмірлік серігімен танысқан кезін былайша еске алушы еді: «Бір жылдан соң жаңадан оқуға түскен студенттермен дәстүр бойынша танысып қайтудың сәті түспей жүрген. Бірде сабаққа келе жатсам, академияның аялдамасында оқшау, жалғыз тұрған қызға көзім түсті. Шашы иығына түсіп, желмен желбіреп, Теменовтің
«Махаббат станциясы» кинофиль-міндегі қыз сияқты ерекше әсер берді. Кешкісін, досым екеуміз жатақханаға баратын болып келістік. Міне, қызық, досымның жерлесінің бөлмесіне кіріп келсек, күндізгі көрген қыз картошка аршып отыр екен. Бірден таныдым. Мен оған қарасам, қолы дірілдеп, біресе картошкасы, біресе пышағы қолынан түсіп кетеді. Қызығы әлі алда екен, плитканы қосарда свет өшіп қалды. Мен электр қуатын қосатын щитті іздеп жүріп, қабырғаны сипалап жүріп, біреудің қолынан ұстай алдым. Әйтеуір әупірімдеп жүріп светті қостым-ау, жаңағы бір-бірімізге соғылысып жүрген аялдамадағы қыз екен, ол да щитті іздепті. Міне, мен Маржанмен осылай танысқан едім». Әкеміз ауырып жүр, көңілі көтерілсін, немересін көрсін, үйленейін дегені есімде.. «Сен әлі үшінші курста ғанасың, сабағың мен семьяны бірдей алып жүру қиын болады, әлі тұра тұр» дедім. Кейде сол кездері неге тоқтаттым екен деп ойлаймын. Екі жылдан соң әкеміздің жылдығын беріп барып үйленді, оқуын да бітірді.
Мен Өскемендегі Жамбыл театрында директордың орынбасары қызметін атқарып жүрген кезімде Рүстем қазақ труппасының режиссері қызметінде еді. Сол кездегі директордың жасы келге-ніне орай жаңа директор тағайын-далатын болды. Жан-жақты қарас-тырып, мәдениет басқармасы бірауыздан Рүстемді директор қызметіне тағайындады. Сол кезден бастап екі труппаның да саяси бірлігі нығая түсіп, шығармашылық жұмыс өрге домалады. Рүстем театрға барын салып, ерен еңбегі-нің арқасында театр қоғамының рухани-мәдениетінің дамуы жо-
ғары деңгейге жетті. Орыс мәде-ниетіне сіңісіп қалған көрермен қауым қазақ труппасының бар
екенін мойындап, келесі қойылым-дарды, жағымды жаңалықтарды асыға күтетін болды. Осылайша, Рүстем қоғамға прогрестік көз-қарас енгізді. «Өскеменім, қашан сенен қазақы от көремін» деп жү-
ріп қысқа ғана ғұмырында сол қазақы оттың жалындап, өркен-деуіне себебін тигізіп кеткен еді.
Секунды сұлу аппақ құс,
Хош боп кір жердің қойнына.
Иманың болсын жаныңда,
Ал рухың пейіш төрінде...
Рүстем өте бауырмал еді. Артынан ерген бауырлары мен ағаларының балаларын жанындай жақсы көретін. Сол бауырлары бүгінде Рүстемді сағынышпен еске алады. Азамат Есдәулетов–Торонто университетінің студенті. Торонтодағы Қазақстан студенттері қауымдастығының президенті.

Сүйікті ағамнан айырылдым,
Жүректі басып, қайғы-мұң.
Жасқа да толып жанарым,
Түйілді менің қабағым,
Еңіреп жылап, жоқтаудан,
Қалды ма, басқа амалым.

Сүйікті ағам көз жұмды,
Жүрегім менің езілді.
Жарқырап жанған жұлдыз ед,
Сүйіп ед, шіркін, өмірді.

Жетімсіреп қалды туысың,
Жетімсіреп қалды жұмысың,
Жүрген жерің–тіршілік,
Бітпей қалды-ау көп ісің.

Көңілін табар әркімнің,
Жат болса да, жақын да,
Мақтанып өтем ағамды,
Режиссер, актер, ақын да!

Бағдат Есдәулетова




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив