KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Жаңа мешіт ашылды

23.11.2013, 18:00 302


Қаратал ауылында «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында жаңа мешіт бой көтерді. Оның ашылу салтанатына жамағатпен бірге ҚМДБ дін істері бөлімінің меңгерушісі, осы ауылдың азаматы Кәмілжан қажы Бекбосынұлы, мешіт істерінің бөлім меңгерушісі Ербол қажы Сағиұлы арнайы қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz
.
Ғибадатхананы Қараталда туып-өскен, кейіннен 90-шы жылдары қалаға қоныс аударған Айтан Биболов дейтін азамат салып берді.

– Бұл біздің ауылымызға жасаған тағзымымыз. Әйелім екеуіміз де осында туып-өстік. Қазір екі бала тәрбиелеп отырмыз. Мешіт құрылысына 6 млн. теңгедей қаржы жұмсалды. Халықтан айналайын, көмек қолдарын созды. Қолда барымен бөлісті, – дейді Айтан Биболов.

Мешіт құрылысына осы ауылдың тұрғыны Тыныс Қонабаев бастаған көп жігіттер табанды көмек көрсеткен. Бүгінде басқа жерде кәсіппен айналысып жүрген осы ауылдың тумалары Қ.Хасенов, Е.Қайранбаев мешітке қалы кілем сыйға тартса, алматылық қонақтар діни кітаптар табыс етті.

Ал үлкен істің басы-қасында жүрген Айтан Биболовқа жерлестері ат мінгізді.

Мұратқазы Саябаев
Мәлімнет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив