KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Зырянда су электр стансасы салынады

3.06.2012, 18:00 138


Биыл Зырян ауданындағы Тұрғысын өзенінде шағын гидроэлектр стансасының құрылысы басталады.

Қазіргі уақытта Алматыдағы «Энергия әлемі» компаниясының мамандары оның жобасын жасаумен айналысуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурс жарияланды. Гидроэлектр стансасының жобалық қуаты 18,7 МВт. Іске қосылғанда электр энергиясымен Зырян ауданының тұтыну сұранысын толықтай жабуға болады екен.

Облыстың жарық тұтыну деңгейінің өсуі электр желісі шаруашылығын дамыту қажеттілігін туындатып отыр. «Энергия әлемі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гидроэлектр стансасының құрылысын жүргізуге шамамен үш миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ өңірдің су-энергетикалық қорына сараптама жасалып, шағын су-электр станцияларын салу мүмкіндіктері анықталды. Соған сәйкес шағын энергетиканы дамыту бағдар-ламасын жүзеге асыру аясында облыс әкімшілігі тағы осындай он шағын гидроэлектр стансасының құрылысына инвестор тартуды қарастырып жатыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив