KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Зырянда шағын су электр стансасы салынады

27.06.2013, 18:00 135


Зырян ауданындағы Тұрғысын өзенінен шағын су электр стансасын салу жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазіргі кезде «Тұрғысын-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы жобаны іске асыру шараларымен айналысып жатыр. Серіктестік мамандары геологиялық және топографиялық зерттеу жұмыстарын бастады. Олар таяу арада құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесінің жобалық жұмыстарын бітіреді.

Серіктестік ұжымы ғимарат құрылысының табанын орнату жұмыстарын биыл қыркүйек айында жүргізуді көздеп отыр. Бұған қоса автокөлік жолын, көпір салу, байланыс және электрмен жабдықтау шаралары да қарастырылған. Одан соң құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асырады. Құрылысты жүргізу кезінде жүзге жуық адам жұмыспен қамтылады.

Өңірдің әлеуметтік даму бағдарламасы аясындағы маңызы зор әрі тиімді осы нысанды іске қосу арқылы Зырян және өңірдегі жылдан-жылға өсіп отырған электр қуатына деген сұранысты неғұрлым тиімді түрде қанағат-тандыруға болады.

Еліміздегі ірі энергетикалық аймақ-тардың біріне айналған біздің облыс-та қазіргі кезде арзан энергия қуатын өндіретін үш қуатты су электр стансасы жұмыс істеп тұр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив