KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Зырян ауданындағы Тұрғысын ауылдық округінде 15 инвестициялық жоба қолға алынды

12.02.2013, 18:00 116


Зырян ауданындағы тірек ауылдардың тізіміне енген Тұрғысын ауылдық округі 2015 жылға дейін шағын және орта бизнесті дамытудың 15 инвестициялық жобасын іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Нивы Чапаево» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 400 ірі қара малын бордақылайтын алаң салуды қолға алды. Іске қосылғанда 30 жұмыс орны ашылады. «Тұрғысын-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағын су электр стансасының құрылысын жүргізбекші. Мұнда 40 адам жұмыспен қамтылады.

«Сенай-469» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таулы өңірге 200 ара ұясы жәшігін орналастырып, өсіруді қарастырып жатыр. Жеке кәсіпкер В.Козлов
ағаш өңдеу цехын ашып, әртүрлі мөлшердегі тақтайларды тіліп дайындап шығармақшы. Бұған қоса ол «Валентина» туристік базасын ашуды жоспарлап отыр. Іске қосылғанда 11 жұмыс орны ашылады.

Жеке кәсіпкер Б.Коломанова «Бірлік» шағын наубайханасының ғимаратын қайта жаңғыртып, қосымша жабдықтар сатып алып, өнімділігін арттыруды межелеп отыр. Сондай-ақ, аяқкиім жөндейтін цех пен шаштараз ашатын орынжайларды дайындап қойды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив