KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Полиция қызметкерлері қару қолдануға мәжбүр болды

12.05.2012, 18:00 241



Кеше Қарағанды облысында полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың 4 мүшесін ұстау барысында қару қолдануға мәжбүр болды.

«Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында, «Приозерск-Сарышаған» автожолында 12 мамыр күні шамамен сағат 17:00-де «Тойота Скептер» автокөлігінің жүргізушісі ішкі істер бөлімі қызметкерінің көлікті тоқтату турасындағы заңды бұйрығына бағындай, полиция автомашинасын қағып, бой тасалауға тырысты.

Сонымен қатар «Тойота Скептер» көлігінен ішкі істер бөлімі қызметкерлеріне қарай оқ атылды. Күдіктілерді тұтқындау үшін облыстық ішкі істер департаментінің «Арлан» қызметінің қызметкерлері 7 мәрте оқ атты», делінген баспасөз хабарламасында.

Полиция қызметкерлерінің ақпаратына қарағанда, аталған көлік Сарышаған елді мекенінде ұсталған. Онда төрт адам болған. Олар Сарышаған елді мекені мен Приозерск қаласының тұрғындары. Күдіктілерден бірнеше қару тәркіленген.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, 27 және 32 жастағы азаматтар полиция қызметкерлерінің табельді қаруынан жарақат алған. Олардың бірінің жамбасына, ал екіншісінің басына оқ тиген. Жараланғандар ауруханаға жеткізіліп, күзет қойылды. Ал тағы екі күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.«Табельді қару қолдану прокуратура тарабынан заңды деп танылды», - делінген хабарламада.

http://inform.kz/

________________________________________




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив