KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 2 м/с, Ю
521.81 543.67 5.05

ШҚО-да 50-ден астам заңсыз қару балқытылып, жойылды

24.08.2020, 06:14 195

 Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері облыс орталығындағы зауыттардың бірінде соңғы үш айда қылмыстық айналымнан алынған 50-ден астам атыс қаруын жойды.

Тамыз айының соңында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері атыс қаруының тағы бір партиясын жоюды жүзеге асырды. Қару-жарақты жою міндетті комиссияның қатысуымен жүргізіліп, бейнежазбаға түсірілді.

Полиция қаруды жою үшін пломбаланған қаруы бар жәшікті болат пеші бар кәсіпорынға жеткізеді. Тәркіленген, сонымен бірге айғақ заттар жергілікті зауыттың шойын балқыту пештеріне жіберіліп, олар металға балқытылады.

- 61 қылмыстық іс бойынша заттай дәлел ретінде танылған қару-жарақ, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар жойылды. Барлығы әртүрлі маркалар мен модельдерден 52 бірлік қару, 2000 данадан астам оқ-дәрілер, 2 макет қол гранатасы, сонымен қатар тізімге "Аммонал" типті жарылғыш зат жойылды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қару-жарақты ерікті түрде тапсыру арқылы ғана заңсыз сақтағаны үшін жауапкершіліктен құтылуға болатынын полиция қызметкерлері ескертеді. Сонымен қатар, заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыру акциясы жыл сайын өткізіледі. 2020 жылы шығысқазақстандықтар полицияға шамамен 10 миллион теңгеге 170-тен астам қару мен 503 дана оқ-дәрі тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу